Коронавирус
1 мин оқу 193
Коронавирус жұқтырған соңғы екі адамның бірі шетелдік азамат - ДСМ
<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирус инфекциясын жұқтырған соңғы екі науқас туралы айтып берді.</p>

«Олардың бірі 1976 жылы туған шетелдік, ол бүгін түнде Лондон қаласынан ұшып келген. Екіншісі - Қазақстан азаматы, ол 1970 жылы туған. Екеуі де стационарда жатыр, денсаулықтары қанағаттанарлық», - деді Диас Ахметшәріп.
Айта кету керек, бүгін Нұр-Сұлтанда коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді.
Бөлісу:
