Әлем
1 мин оқу 192

Үндістанда коменданттық сағат енгізілді

<p style="text-align: justify;">Үндістан үкіметі коронавирустың таралуын шектеу үшін коменданттық сағат режімін енгізді. Ел азаматтары 14 сағат бойы үйден шықпауы тиіс. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.</p>

Үндістанда коменданттық сағат енгізілді

Үндістанның премьер-министрі  Нарендра Моди ел азаматтарын 01:30-15:00 аралығында үйде отыруға шақырды. Үкімет басшысы бұл шешімді індетпен күресте бүкіл ел үшін шешуші қадам және сынақ деп атап өтті.

«COVID-19 қаупімен күресте күшті соққы болатын коменданттық сағатты енгіздік. Біз қазір қабылдайтын шаралар болашақта бізге көмектеседі», деді премьер-министр.

Бүгінгі таңда Үндістанда 332 науқастың вирус жұқтырғаны анықталды, 4 адам қайтыс болды және 27 адам сауығып кетті.

Бөлісу:
Үндістанда коменданттық сағат енгізілді · Egemen Qazaqstan