Қоғам
1 мин оқу 303

Алматыда қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты қысқарды

<p>24 наурыздан бастап Алматыда қоғамдық көліктер кешкі сағат 21.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.</p>

Алматыда қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты қысқарды

Қоғамдық көлік жұмысының мониторингі мен талдауы жолаушылар ағынының 70%-ға төмендегенін көрсетті. Осыған байланысты төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Алматының жедел штабы қалалық маршруттардың жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, бұған дейін жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, қала тұрғындарының еркін қозғалуы үшін автобустар жоспарлы 95% шығумен штаттық режимде жұмыс істеуін жалғастырды. Қалааралық және қала маңындағы маршруттардың жұмысы тоқтатылды.

Бөлісу:
Алматыда қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты қысқарды · Egemen Qazaqstan