Нұр-Сұлтан қаласында 800-ден астам мұқтаж отбасыға маска мен антисептиктер таратылды
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының Волонтерлер штабы коронавирус инфекциясын алдын-алу және аса қажетті тауарлармен қамтамасыз ету бойынша тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған топтарына жанаусыз гигиеналық құралдарды (медициналық маска, антисептик құралдары) үздіксіз тарату жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. <br /><br /></p>

19 наурыздан бастап бүгінге дейін 800-ден астам отбасыға көмек көрсетілді. Карантин режимі кезінде шамамен 5000 отбасыға көмек көрсету жоспарланған. Азық-түлік себетін тарату азық-түлік себеті тізіміне енетін ең қажетті тауарларды теңдей үлеспен бөлуден басталады. Бұдан соң әр себет бірдей дайындалып, кейін әр мекен-жайға жеткізу үшін көлікке тиеледі. Волонтерлер азық-түлік себеттерін түгелдей таратуды өз мойындарына алады.
Естеріңізге салсақ, Nur Otan партиясының төрағасы-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы көмекке мұқтаж аз қамтылған көпбалалы отбасылар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, жалғызбасты қарттарға атаулы көмек көрсету үшін 150 млн теңге бөлінген болатын.
