Аймақтар
1 мин оқу 650

Алматыға жасырын келуге болатын жолдар жабылып жатыр

<p style="text-align: justify;">Бұған дейін бірқатарт бұқаралық ақпарат құралдары Алматыға блок-бекеттерді айналып өтуге болатын тар көшелер мен жолдар арқылы карантин режимін бұзып келіп жатқан адамдар мен такси жүргізушілері жайлы хабарлаған болатын.</p>

Алматыға жасырын келуге болатын жолдар жабылып жатыр

Алматы полиция Департаменті төтенше жағдай тәртібін бұзған азаматтарға әкімшілік жаза қолдануды бастағаны белгілі.

45

Соңғы күндері блок-посттарды айналып өтіп, мегаполиске алып кіретін жасырын жолдар жабылып, бақылау күшейді.

1

Жалпы қала әкімдігі коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу үшін барлық тиісті жұмыстарды жалғастырып отыр.

78

Карантинді енгізу туралы шешімнен кейін 27 блок-бекетте күш құрылымдары мен медициналық ұйым қызметкерлерінің жұмысы жанданды.

2

Сондай-ақ қалада дезинфекциялық іс-шаралар жүргізілуде. Мақсат – коронавирус індетінің таралу тізбегін жою. Өз кезегінде қала билігі қала тұрғындарын карантин режимін қатаң сақтауға және әркімді мүмкіндігінше оқшаулануына шақырды.

Бөлісу:
Алматыға жасырын келуге болатын жолдар жабылып жатыр · Egemen Qazaqstan