Жарнама
 
Аймақтар
1 мин оқу 220

Өскеменде кәсіпкерлер төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін қамауға алынды

<p style="text-align: justify;">Облыс орталығындағы көңіл көтеру мекемесінің иесі тыйым салуды елемей, жұмысын 22.00-ден кейін жалғастырғандығы үшін қамауға алынды деп хабарлайды жергілікті Устинка газеті.</p>

Өскеменде кәсіпкерлер төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін қамауға алынды

Аймақта төтенше жағдай режимін бұзушыларды анықтау жұмыстары жалғасуда. Облыс орталығында көңіл көтеру орындарының бірі кешкі 10-нан кейін өз жұмысын жалғастырып жатқандығы туралы хабарлама келіп түсті. Оның иесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сот қаулысымен 27 жастағы ер адам 15 тәулікке қамауға алынды.

Сондай-ақ Глубокое ауылының кәсіпкері де үш тәулікке қамауға алыныпты,  ол төтенше жағдай режиміне қарамастан, өз интернет-клубының жұмысын 22.00-ден кейін жалғастырған.

Бөлісу:
Өскеменде кәсіпкерлер төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін қамауға алынды · Egemen Qazaqstan