Аймақтар
1 мин оқу 601

Түркістан: Кенеге қарсы күрес басталды

<p style="text-align: justify;">Түркістан облысында кенеден жұғатын Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы секілді аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша атқарылатын іс-шаралар қолға алынды. Биыл 66,8 млн&nbsp; шаршы метр қора мен 28,5 млн шаршы метр мал иіретін жер және суаттар, бұталар залалсыздандырылып, 2,5 млн ірі қара мен&nbsp; 8,4 млн уақ мал дәріленеді.</p>

Түркістан: Кенеге қарсы күрес басталды

Ауыл шаруашылығы басқармасы «Энзоотиялық» ауруларға қарсы көктемгі залалсыздандыру жұмыстарын 30 наурыздан бастайды. Зиянкестердің табиғи ошақтарында санитарлық-эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырылуда. Аудан, қалалардағы ветеринар мамандар қажетті құрылғылармен, дәрі-дәрмектермен, арнайы киімдермен толық қамтамасыз етілген. 

Айта кетелік, облыс бойынша 2018 жылы 3360 адам кене шағып ауруханаға түскен. Былтыр бұл көрсеткіш 12 % азайған. Эпидемиялық аумақтарда залалсыздандыру шаралары жыл сайын көктем, күз мезгілдерінде өткізіледі.

 

Түркістан облысы

Бөлісу:
Түркістан: Кенеге қарсы күрес басталды · Egemen Qazaqstan