Қазақстан
1 мин оқу 1,573

Қазақстанның екі аймағында ауа сапасы нашарлайды

<p style="text-align: justify;">30 наурыз күні Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі.&nbsp;Бұл туралы&nbsp;&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК хабарлады.</p> <p style="text-align: justify;"><br /><br /></p>

Қазақстанның екі аймағында ауа сапасы нашарлайды

Қазгидрометтің мәліметінше, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады. Қазақстанның басқа қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Қазақстанның екі аймағында ауа сапасы нашарлайды · Egemen Qazaqstan