Аймақтар
1 мин оқу 450
Атыраудан 6 бағытқа қатынайтын автобустар тоқтады
<p style="text-align: justify;">Атырау қаласындағы автобекеттен ауданаралық, қалааралық, халықаралық бағытқа қатынайтын автобустар жүрісі тоқтады. </p>

Атырау автобекетінің директоры Вадим Синкеевичтің мәлім етуінше, бұрын 6 бағытқа 14 рейс жолаушы тасымалдап келген. Енді Атырау-Астрахан, Атырау-Бейнеу, Атырау-Орал, Атырау-Мақат, Атырау-Индер, Атырау-Құлсары бағытына жолаушы қатынайтын автобустар жүрмейтін болды. Соңғы рейс 28 наурызда Атыраудан Мақатқа ғана аттанған.
–Біздің автобустарымыздың сыйымдылығы –50 адам. Төтенше жағдай енгізілгеннен бері жолаушылар саны 2-3 адамнан аспады, - деді Вадим Синкеевич.
Жұмасат ҒАЗИЗ
Бөлісу:
