Аймақтар
1 мин оқу 170
Атырауда букмекерлік кеңсе менеджері 10 тәулікке қамалды
<p>Бұл туралы Атырау облыстық сотының баспсөз қызметі хабарлады.</p>

– Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 476-бабының 3-тармағымен (төтенше жағдай режимін бұзу) азамат Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сотта анықталғандай, құқық бұзушы төтенше жағдайдың енгізіліумен ойын-сауық iс-шараларын өткiзуге салынған шектеуді елемеген. Сөйтіп, 25 наурызда «1xbet» ЖШС-нің букмекерлік кеңсесін ашып қойып, ойын-сауық қызметін атқарған, - деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспсөз қызметі.
Сот қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.
Жұмасат ҒАЗИЗ
Бөлісу:
