Жарнама
 
Қаржы
1 мин оқу 545

Нұр-Сұлтан мен Алматыда банктер жұмысын тоқтатады

<p style="text-align: justify;">&laquo;30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында екінші деңгейлі банктер жұмысын тоқтатады&raquo;, деп хабарлайды&nbsp;Ұлттық банктің баспасөз бөлімі.</p>

Нұр-Сұлтан мен Алматыда банктер жұмысын тоқтатады

«Осы уақыт аралығында заңды және жеке тұлғалардан төлем қабылдау және ақша аудару интернет, мобильді банкинг арқылы қашықтықтан жүзеге асырылады. Қолма-қол ақшаны алуға, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға және жеке тұлғалардың банктік шоттарын толтыруға арналған банкоматтар мен терминалдардың жұмыс істеуін банктер әдеттегідей қамтамасыз етеді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ҚР Ұлттық банкіне қарасты қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы банктердің, қазынашылық комитетінің және нарықтың басқа қатысушыларының төлемдерін өңдеудегі жұмысы штаттық режимде жүзеге асырылады.

Бөлісу:
Нұр-Сұлтан мен Алматыда банктер жұмысын тоқтатады · Egemen Qazaqstan