Аймақтар
1 мин оқу 490

Шымкенттік кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 5 миллион теңге бөлді

<p style="text-align: justify;">Бүкіл әлемді шарпыған індет өкінішке орай Қазақстанды да айналып өтпеді. Бұл майдан халықтың төзімі мен елдің бірлігін сынға салды.</p>

Шымкенттік кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 5 миллион теңге бөлді

Үнемі игі істердің басынан табылатын шымкенттік кәсіпкер, «Бал_текстиль» ЖШС директоры Талғат Ысқақов коронавирус індетіне қарсы күреске 5 млн. теңге аударып, өз үлесін қосты. 

Қазақ кілемін бренд ретінде әлемге танытып жүрген кәсіпкер аты жаман індеттің алдын алу барша отандастарымыздың міндеті екендігін тілге тиек етті. 

- Бұл індетті жеңу үшін жұдырықтай жұмылып, ортақ мақсатқа күш біріктіруіміз қажет. Талай зобалаңды өткерген ұлы елдің ұрпағы ретінде бұл індетті де жеңеміз деп сенемін. Біз біргеміз, -  дейді кәсіпкер Талғат Ысқақов.

Бөлісу:
Шымкенттік кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 5 миллион теңге бөлді · Egemen Qazaqstan