Аймақтар
1 мин оқу 160

Қостанайда аялдамаларды залалсыздандыру басталды

<p style="text-align: justify;">Қостанайда аялдама тұрақтарын залалсыздандыру шаралары жүріп жатыр. Бұл жұмыстарды алты мердігер ұйым жүргізеді. Облыс орталығында 430 аялдама тұрағы бар. Мердігердің міндеті - солардың бірін де қалдырмай күнделікті залалсыздандырып отыру. Бұл мақсатқа арнайы қаржы бөлініп, қала әкімдігі мердігер ұйымдармен келісімшартқа отырған. - Олар әр аялдаманы кем дегенде күніне бір рет дезинфекциялап тұрады, &nbsp;&ndash; деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Наурызбай Мусин.</p>

Қостанайда аялдамаларды залалсыздандыру басталды

Аялдамаға дәрі шашушыларға арнайы қорғаныш киімі, қолғап, көзілдірік, бетперде, аяқ киім берілген. Бөлім бастығының айтуынша, автобус күтуге арналған тұрақты тазалау үшін 10 литр суға 1 ди хлор таблеткасын салып еріту қажет. Бір аялдаманы залалсыздандыру үшін осы мөлшердегі қоспа жеткілікті.

Алты мердігердің әрқайсы өздеріне жүктелген шағын ауданда жұмыс істейді. Бүгін «АБЗ+» серіктестігі өз жұмысын «Әуежай» шағын ауданынан бастады. Серіктестік күн сайын 105 аялдаманы залалсыздандырып отыруы керек.

- Өңдеуді бастамас бұрын қызметкерлерге нұсқаулық беріліп, барлық қауіпсіздік талаптары түсіндіріледі. Аялдамаларға химиялық қоспаны таңертеңгілік шашамыз. Әзірге 4 адам жұмыс істеп жатыр. Егер қажет болса, жұмысшы санын көбейтеміз. Тұрғындар үшін ешқандай қолайсыздық тумайды деп ойлаймын. Олар оянып, көшеге шыққанша біз де жұмысымызды аяқтаймыз, – деді серіктестік директоры Николай Лобанов.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Қостанайда аялдамаларды залалсыздандыру басталды · Egemen Qazaqstan