Аймақтар
2 мин оқу 195

Қарағанды облысының ҚХА мүшелері көмекқолын созды

Өңірдегі коронавируспен күрес майданына Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері де сүбелі үлес қосуда.

Қарағанды облысының ҚХА мүшелері көмекқолын созды

Мысалы, «Қазақстанның татар және башқұрт конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша филиалының төрағасы Шамиль Осин тұрмысы төмен отбасыларға 12 тонна азық-түлік пен көкөніс таратып берсе, тәжік этномәдени бірлестігінің өкілдері Әнет Баба мешітінің орталық штабына азық-түлік жеткізді.

Қарағанды облысының ҚХА өкілдері күллі әлем мен еліміз өте күрделі кезеңді бастан кешкен уақытта бірлік пен ынтымақтық танытудың маңызы зор екенін айтады.

Коронавирус індеті біз үшін ортақ қауіп және ол ұлт немесе дінді таңдамайды. Біз, қазақстандықтар, көптеген сынақтарды бастан кешкен елміз. Бұл жолы да қиындықтарды жеңетінімізге күмән келтірмейміз, – дейді олар.

Жасыратыны жоқ, елдегі төтенше жағдай менҚарағанды облысында жарияланған карантиннің салдарынан көптеген азаматтар бірінші кезектегі азық-түлікке деген мұқтаждықтың зарын тартып отыр. Ал жоғарыдағы айтылған көмектің дер кезінде жасалған қайырымды іс болғанын айта кету ләзім.

Қарағанды облысының ҚХА өкілдері бұл жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын айтады.

Бөлісу:
Қарағанды облысының ҚХА мүшелері көмекқолын созды · Egemen Qazaqstan