Аймақтар
1 мин оқу 540

Түркістан: Ұн шығаратын кәсіпорын экспортты тоқтатты

Түркістан облысындағы «Ордабасы нан» ЖШС елдегі төтенше жағдайға байланысты ұн экспортын тоқтатты.

Түркістан: Ұн шығаратын кәсіпорын экспортты тоқтатты

Бұл қадам өңірдің ұн өнімдеріне деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр. Қазір Ордабасы ауданында орналасқан кәсіпорын өнімінің барлық түрін тек ішкі нарыққа жіберуде. Осылайша күн сайын облыстың аудан-қалалары мен Шымкентке үш жарым мың тоннадан аса ұн өнімдерін жөнелтетін серіктестік өңірдің азық-түлік қорын өз деңгейінде ұстап тұруға және нан бағасының өспеуіне септігін тигізіп келеді. Ұнның бағасы уақыт өте түсетінін, сұраныстың қалыпты деңгейде екенін айтқан зауыт директоры Бауыржан Сапарымбетов елдегі нан бағасын тұрақтандыру үшін бидайды да шетелге сатуға шектеу қою керек деп есептейді.

Айта кетелік, негізі 2008 жылы қаланған кәсіпорын кешегі күнге дейін ұнды Ауғанстан, Өзбекстан елдеріне экспорттап келген болатын.

Бөлісу:
Түркістан: Ұн шығаратын кәсіпорын экспортты тоқтатты · Egemen Qazaqstan