Аймақтар
1 мин оқу 591

Алматыда тыныс алу құрылғылары жеткілікті

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Алматы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді. Оның айтуынша, жасанды тыныс алу аппаратары қаланың барлық медициналық ұйымдарында жеткілікті.</p>

Алматыда тыныс алу құрылғылары жеткілікті

«Олардың ішінде жұқпалы екі ауруханада 17 аппарат бар. Провизорлық госпитальға 4 жасанды тыныс алу құрылғысы қойылды. Егер науқастардың саны көбейетін болса, сол жерге жатқызуды жоспарап отырмыз. Бүгінгі күні жасанды тыныс алу аппаратына екі науқас қосылды», - дейді Тілеухан Әбілдаев.

Шаһарда дәрігерлер қауымы бар жігерін салып жұмыс істеуде. Оларға тамақ, киім секілді барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Бөлісу:
Алматыда тыныс алу құрылғылары жеткілікті · Egemen Qazaqstan