Аймақтар
1 мин оқу 192

Қарағандыда әскерилер дезинфекция жүргізді

<p style="text-align: justify;">Кеншілер астанасында &laquo;Астана&raquo; өңірлік қолбасшылығының сарбаздары қаладағы басты көше &ndash; Бұқар жырау даңғылында дезинфекция жұмыстарын жүргізді.</p>

Қарағандыда әскерилер дезинфекция жүргізді

Зарарсыздандыру жұмыстарына жеке қорғаныш костюмдерін киген 50-ге жуық әскери қызметші жұмылдырылып, олар 7 мың текше метр «Рубеж» ерітіндіні бүркіп, көшені дезинфекциядан өткізді.

Дезинфекцияланатын жерлермен алдымен дауыс зорайтқышы бар арнайы автокөлік жүріп өтіп, жұмыстың басталғаны туралы хабарлап отырды.

– Қарағандыда кең көлемде дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр. Егер сіздің үйіңіздің жанынан осындай көлік жүріп өтсе, онда терезелер мен балкондарды 5 сағатқа жабыңыздар, – деп хабарлады Senim 109 қызметі.

Аталған жұмыстар жүргізілген жерлерден уақытша болса да аулақ болған жөн және мүмкіндігінше көшеге шықпай, балаларды да қараусыз қалдырмау керек екендігі ескертілді.

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Қарағандыда әскерилер дезинфекция жүргізді · Egemen Qazaqstan