Аймақтар
1 мин оқу 230

Шымкент: 8-шағын ауданда карантин жарияланды

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында 4 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді. Осыған орай Шымкенттегі 8-шағын ауданда (№53 көпқабатты үй) карантин жарияланды.&nbsp;</p>

Шымкент: 8-шағын ауданда карантин жарияланды

Айта кетсек, індетті жұқтырған 24 жасар азаматша 8-шағын ауданда тұратын ата-анасына Нұр-Сұлтан қаласынан келген. Науқас ауруханаға жатқызылып, оқшауланды. Қазіргі таңда жағдайы қалыпты. Қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізілуде. Науқаспен байланыста болған 21 адам анықталып, олар да оқшауланды (оның алтауы жақын туысы). 

Бүгінде қалада жалпы коронавируспен 12 адам тіркелді.

ШЫМКЕНТ

Бөлісу:
Шымкент: 8-шағын ауданда карантин жарияланды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар