Қоғам
1 мин оқу 203

Елордада тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтан қаласында тағы бір адам емделіп шықты. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.</p>

Елордада тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты

Басқарма таратқан мәліметтерге қарағанда, 4 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 202 жағдайы тіркелді. Оның ішінде:

- 186 адам стационарда (Ақмола облысы - 3);

- 17 адам сауығып, ауруханадан шығарылды;

- бір өлім жағдайы тiркелді.

Қазіргі уақытта КВИ бар 5 науқастың жағдайы - тұрақты ауыр, 3 науқас - өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, яғни КВИ диагностикасы мен емдеудің клиникалық хаттамасына сәйкес емдеуде.

Қалған емделушілердiң жағдайы - қанағаттанарлық.

Еске сала кетейік, еліміз бойынша барлығы 36 адам бұл індеттен емделді. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 17, Алматы қаласында 19 адам.

Бөлісу:
Елордада тағы бір адам коронавирустан емделіп шықты · Egemen Qazaqstan