Қазақстан
1 мин оқу 430
Қазақстанда 120 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған
<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.</p>

«Бүгінде медициналық қызметкерлердің арасында 120 адам коронавирус індетін жұқтырған. Олардың 67-сі коронавирус індетін жұқтырды деген күдікті немесе жұқтырғандармен жұмыс істегендер. Біреуі ауыр жағдайда жатыр. 7 пайыз не 9 адам орташа ауырлықта, қалған 57 адам жеңіл және сиптомсыз жатыр» деді ол.
Айта кетейік, елімізде коронавирус жұқтыру бойынша барлығы 604 жағдай тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.
Бөлісу:
