Қазақстан
1 мин оқу 223

Бас қала әуежайының коды өзгерді

<p style="text-align: justify;">Елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының сонау КСРО кезеңінен бері қолданылып келе жатқан үш әріпті TSE коды NQZ болып өзгеретін болды. Бас қаланың бас әуе қақпасының кодын өзгерту туралы мәселені &laquo;Egemen Qazaqstan&raquo; газеті бұған дейін көтергенін айта кетейік.</p>

Бас қала әуежайының коды өзгерді

«Egemen Qazaqstan» газеті көтерген мәселе тиісті органдардың құлағына же­тіп, оған қатысты қандай шаралар қа­был­данатыны туралы хабарлаған болатын.

Сонымен бірнеше жыл бұрын кө­те­ріліп, ақыры шешімін тапқан жа­ғым­­ды жаңалықты Индустрия және ин­­фра­құрылымдық даму министрлігі жеткізді.

– Халықаралық әуе көлігі қауымдас­тығының (IАТА) 2020 жылғы 6 сәуірдегі арнайы хабарламасына сәйкес, Нұр-сұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы­ның қолданыстағы TSE үш әріпті кодын NQZ-ке өзгерту туралы түпкілікті ресми шешім қабылданды, – делінген министрліктің Telegram каналында жарияланған ақпаратта.

Былтыр еліміздің Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиа­ция комитеті Халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен Нұр-Сұлтан және Қа­зақстанның өзге де қалаларындағы әуежайлар кодын өзгерту жөнінде келіс­сөз бастаған еді. Сол келіссөз жұмыстары ақы­­ры нәтиже бере бастады деуге болады.

Халықаралық әуе көлігі қауымдас­тығына дүние жүзі бойынша халықаралық рейстердің 94 пайызын орындайтын  290 әуе компаниясы мүше екенін айта кетейік.

Бөлісу:
Бас қала әуежайының коды өзгерді · Egemen Qazaqstan