Экономика
1 мин оқу 200

Экспорттаушы компаниялар локомотив болады

<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдай кезінде нарықтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. Осы ретте Мемлекет басшысы экспорттық бағыттағы компанияларды қолдауға тапсырма берді. Олар дағдарыстан кейінгі кезеңде біздің локомотивіміз болады.</p>

Экспорттаушы компаниялар локомотив болады

Қазақстан азық-түлік қауіп­сіздігін қамтамасыз ету мақ­сатында ЕАЭО елдері сияқ­ты ма­ңызды азық-түлік тауар­ларының экспортына тыйым салды. Алай­да қалған тауарлар бойынша экспортқа бөгет жоқ.

Әлемдік сауда өзгерген және дәстүрлі жабдықтау тіз­бегі бұзылған тұста біздің өндіру­ші­лерге жаңа нарықтарға қол жет­кізу мүмкіндігі туды. Сонымен бір­ге Сауда және интеграция минис­тр­лігі де кәсіпкерлерге барынша көмек көрсетуде. Яғни, қолданыстағы бағыттар бойынша логистикалық (шекаралық шек­теулерді ескере отырып) көмек көрсету, сондай-ақ жаңа на­рық­тарды игеру көзделген. Біздің экспорттық тауарлардың өзін­дік құнын төмендету үшін да­йын өнімді тасымалдау шығын­дарының 50%-ына дейін өтеледі.

Орта компанияларды қолдау мақсатында экспорттық акселерация бағдарламасы іске қосылды. Бұл кәсіпкерлерге экспорттық мәселелерде консультация ғана емес, әлсіз және күшті жақтарды терең талдау, сараптамалық баға­лау және экспортқа шыққанға дейін толық сүйемелдеуді тегін не­гізде алуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, экспорттаушылар­ды қолдау саясаты тоқтаған жоқ.

Азамат АСҚАРҰЛЫ,

Сауда және интеграция министрінің орынбасары

Бөлісу:
Экспорттаушы компаниялар локомотив болады · Egemen Qazaqstan