Коронавирус
1 мин оқу 1,560

Қызылорда: Шиеліде індетке шалдыққандар 47-ге жетті

<p style="text-align: justify;"><span lang="KZ">Соңғы мәліметтер бойынша Қызылорда облысында COVID-19 инфекциясын жұқтырған тағы 9 науқастың анықталғаны белгілі болды. Өңірлік коммуникация қызметінің хабарлауынша&nbsp; жаңадан вирус жұқтырғандардың барлығы Шиелі ауданынан тіркеліп отыр. &nbsp;</span></p>

Қызылорда: Шиеліде індетке шалдыққандар 47-ге жетті

Науқастардың ең жасы 8 жасар қыз болса, ең үлкені 1944 жылғы ер адам. Қазір науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық.

Бекітілген алгоритмге сәйкес олармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Осымен аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 85 адам анықталды. Оның тоғызы Қызылорда қаласында, 16-сы Жаңақорған,  4-еуі Қармақшы, жетеуі Сырдария, екеуі Арал ауданында тіркелген.

Аудандар арасында ауру көп байқалып отырған осы Шиелі ауданы. Қазір ондағы дерт жұқтырғандар қатары 47 адамға жетті.

Бөлісу:
Қызылорда: Шиеліде індетке шалдыққандар 47-ге жетті · Egemen Qazaqstan