Түркістан: 1878 азаматтың мүгедектік мерзімі ұзартылды
<p style="text-align: justify;">Түркістан облысы бойынша төтенше жағдай кезеңінде қайта куәландырудан өтуі тиіс 1878 азаматтың мүгедектік анықтамасының мерзімі орталықтандырылған база бойынша ұзартылды. Демек, жәрдемақылары төтенше жағдай режимі аяқталған күнді қоса алғанға дейін төленеді.</p>

Бұл төтенше жағдай кезеңінде қолға алынып отырған сақтық шарасы әрі үкімет тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетіліп отырған қамқорлық. Сондай-ақ азаматтар мүгедектікке шығу өтініштерін төтенше жағдай кезеңінде үйден шықпай Egov.kz веб-порталындағы «Электрондық өтініш» сервисі арқылы жолдай алады. Тиісті құжаттары интернет ресурсы арқылы жолданған соң, медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу мамандары 2 күн ішінде өтініш тастаған азаматтарға жауап беріп, мүгедектік тағайындалғандығы туралы хабарлайды. Хабарлама байланыс нөмірлеріне де келеді. Ал, мүгедектік туралы анықтамаларының түпнұсқасын төтенше жағдай аяқталған соң медициналық-əлеуметтік сараптама комисиясынан алып кете алады.
Куәландырылатын адам мүгедектік белгіленген күннен бастап алты ай ішінде бақыланып, оған бір жылдан аспайтын мерзімге сырттай мүгедектік тағайындалады. Қазір осындай сырттай куәландырудан 4 азамат өткен.
Түркістан облысы
