Кәсіпкердің дәрігерлерге көмегі
<p style="text-align: justify;">Қызылордалық кәсіпкер коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп жүрген дәрігерлерді өзінің қонақүйіне орналастырды. Қонақүйде медицина қызметкерлерінің тынығып, демалуына бар жағдай жасалған. Үш мезгіл тамақ беріліп, бөлмелері залалсыздандырылып тұрады.</p>

"Мұнда дәрігерлерге және орта, кіші буын мамандарына қолайлы жағдай жасалған. Олар жатын орыннан бөлек қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Жұмыстан кейін үйлеріне қайтпай, арнайы медициналық көлікпен осы қонақ үйге жеткізіледі",- деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Жалпы қонақүйде коронавируспен күресіп жүрген 100-ден астам дәрігер орналастырылған. Оларға көпбейінді облыстық аурухананың 7 маманы қызмет көрсетеді. Бұл мамандар тазалық, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізумен қатар, індетпен күресушілердің дене қызуын өлшеп, медициналық тексерістен өткізеді.
