Әлем
1 мин оқу 413

Какао плантацияларында 2 миллионнан астам бала жұмысқа жегілген

<p style="text-align: justify;">Соңғы онжылдықта балалар еңбегін қанау көрсеткіштері артқан. Оған дәлел ретінде әлемдегі ең ірі какао тасымалдаушысы болып табылатын Африкадағы &nbsp;Кот-д'Ивуар және Гана палнтацияларындағы жағдайды негізге алуға болады. Reuters АҚШ-тың Еңбек министрлігі қаржыландырып отырған баяндама негізіндегі мәліметтерге сүйене отырып,&nbsp; өткен маусымда Батыс Африка елдеріндегі плантацияларда 2 миллионнан астам баланың жұмысқа жегілгендігін алға тартады. &nbsp;</p>

Какао плантацияларында 2 миллионнан астам бала жұмысқа жегілген

Мәліметтер Чикаго университетінің зарттеушілерімен жиналған. Жоба зерттеушілерінің мәліметі бойынша,  балалар еңбегін пайдалану осыдан он жыл бұрынғы кезеңнен айтарлықтай өскен.  2013/14 жылдармен (44%) салыстырғанда 2018/19 жылдардағы көрсеткіштер (46%) ұлғайған. Аса қауіпті жұмыстардағы көрсеткіштер 42% құрайды. Зерттеушілердің пікірінше, балалар еңбегін пайдалану деректері кең етек алып барады. Соңғы уақытта Mars, Hershey, Nestle, Cargill компаниялары биылғы жылы Батыс Африкада балалар еңбегін пайдалануды  70%-ға дейін қысқартуға міндетеме алып отыр. Дегенмен халықаралық ұйымдардың әрекеті негізінде балалар еңбегін пайдалану көрсеткіштері екі есеге дейін азайғандығы байқалады.

Бөлісу:
Какао плантацияларында 2 миллионнан астам бала жұмысқа жегілген · Egemen Qazaqstan