Қоғам
2 мин оқу 792

Аумақтық әскери бөлімшелер құрылды

<p style="text-align: justify;">Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары Серік Боранбаев Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерін жасақтау мақсатында әскери міндеттілерді арнайы жиындарға шақыру барысы туралы брифинг өткізді.</p>

Аумақтық әскери бөлімшелер құрылды

С.Боранбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әскери мін­дет­тілерді арнаулы жиын­дар­ға ша­қыру туралы» Жарлығына сәйкес, бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Алматы, Қызылорда және Пав­ло­­дар облыстарында аумақтық әскери бөлімшелер құрылды.

Сондай-ақ Ақтөбе және Аты­рау облыстарында әскери мін­дет­­тілерді шақыру жалғасуда. Шым­кент қаласы мен Қарағанды облысында әскери бөлімшелерді жасақтаудың басталуы 13 сәуірге, Солтүстік Қазақстан облысында – 14 сәуірге, Жамбыл облысында – 15 сәуірге, Түркістан облысында 17 сәуірге жоспарланған.

– Қорғаныс министрлігі тарапынан алдын ала қабылданған ұйымдастыру-техникалық сипат­та­ғы шаралардың, сондай-ақ каран­тиндік шектеулердің күр­де­лі жағдайларында жергілікті әскери басқару органдары мен медицина қызметкерлерінің үй­ле­сімді жұмысының нәти­же­сін­де қысқа мерзімде арнайы жиынға – 473 әскери міндеттіні, соның ішінде 71 офицер мен 402 сержантты, запастағы сарбаздарды шақыруға мүмкіндік берді, – деді С.Боранбаев.

Жергілікті әскери басқару ор­­ган­­дарына ерікті түрде шақы­рылу үшін 2372 жас азамат өті­ніш білдірді. Ал әскери мін­дет­ті­лердің орташа жасы қазіргі уа­қыт­та 27,5 жасты құрайды.

Әскери міндеттілердің 34%-ы жұмысқа орналастырылды. Олардың орташа еңбекақысы – 82 000 теңге. Қорғаныс ми­нис­тр­лігінің басшылығы әскери полицияны тарта отырып, әскери міндеттілерді шақыру барысына, санитарлық-гигиеналық нор­ма­лар­дың, әскери тәртіптің сақ­­талуына жүйелі бақылау ұйым­­­дастырды. Халыққа арнаулы жи­ын­­­дарға шақыру шарттарын жедел түсіндіру үшін Қорғаныс минис­трлігі мен қорғаныс істері жөнін­дегі өңірлік департаменттерде 4 сәуірден бастап тәулік бо­йы 18 Call-орталық жұмыс іс­тей­ді.

Бөлісу:
Аумақтық әскери бөлімшелер құрылды · Egemen Qazaqstan