Жарнама
 
Қоғам
1 мин оқу 250

Сауда орталықтары, дәмханалар мен мейрамханалар әзірге ашылмайды

<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия ТЖ кезінде жұмысын бастай алатын ШОБ кәсіпорындарын анықтайды. Бұл туралы Жедел штаб өкілдері хабарлады.</p>

Сауда орталықтары, дәмханалар мен мейрамханалар әзірге ашылмайды

Бүгін жұмысты қайта бастауға рұқсат берілетін кәсіпорындардың тізімін бекіту үшін Мемлекеттік комиссия отырысы өтеді. Қызметін қайта қолға алуға рұқсат берілетін Нұр-Сұлтан мен Алматының кәсіпкерлеріне карантин тәртібін сақтауға тура келеді. Қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігі үшін олар санитарлық-эпидемиологиялық режим талаптарына қатаң бағынуы қажет.

Сонымен қатар кинотеатрлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, клубтар, мейрамханалар мен дәмханалар әзір ашылмайды.

Бөлісу:
Сауда орталықтары, дәмханалар мен мейрамханалар әзірге ашылмайды · Egemen Qazaqstan