Аймақтар
1 мин оқу 207

Қарағандыда COVID-19 жұқтырудың 11 оқиғасы тіркелді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 11 оқиғасы зертханалық сараптама негізінде расталды. Бұл адамдар бұрын COVID-19 жұқтырған науқастарымен байланыста болған екен. Ал олардың ішіндегі бір азамат пульмонологиялық госпитальдің пациенті болып шықты.</p>

Қарағандыда COVID-19 жұқтырудың 11 оқиғасы тіркелді

Қазіргі уақытта бұл науқастар арнайы бокстарға оқшауланып, емдеу курсынан өтуде.

Бүгінде Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 76-ға жетті. Бір адам осы індеттен қайтыс болды және бір науқас ауруханадан жазылып шықты.

Облыс бойынша үй карантинінде 1 640 адам бар. Тәулік бойы бақылауға 543 тұрғын алынған. Бұлар 1А және 1Б санатындағы елдерден қайтып келген немесе жұқтырған адамдармен шартты түрде байланыста болған азаматтар.

Қарағанды облысы 

Бөлісу:
Қарағандыда COVID-19 жұқтырудың 11 оқиғасы тіркелді · Egemen Qazaqstan