Үкімет
1 мин оқу 313

Күн тәртібін белгілеген отырыс

<p style="text-align: justify;"><strong>Кеше палата спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалы&shy;ғы&shy;мен Мәжіліс бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін белгіледі, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.</strong></p>

Палата қарауына бірқатар рати­фикациялық құжаттар әзірлен­ді. «Қазақстан – Қытай» мұнай құбырына қатысты үкіметаралық ке­лісімді ратификациялауды қарастыратын заң жобасын тал­қылау енгізіліп, «Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығына қаты­су­шы мемлекеттердің адамдарды мемлекетаралық іздестіру ту­ралы шартын ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін белгілеу ұсынылып отыр.

Жалпы отырыстың күн тәртібі жобасына, сондай-ақ, бесінші шақырылған Қазақстан Парламенті Мәжілісінің үшінші сессиядағы өкілеттілігін жүзеге асыру бойынша негізгі іс-шаралар жоспары туралы мәселе де енгізілді. Құжат Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші сессияның ашылуы барысында жүктеген тапсырмаларын есепке ала отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясына сәйкес әзірленген.

Бөлісу:
Күн тәртібін белгілеген отырыс · Egemen Qazaqstan