Руханият
2 мин оқу 411

Қаһарманға құрмет

<p style="text-align: justify;">Бас қаладан Бурабай бағытына қарай жүргенде шамасы 80-90 шақырым жерде сол жағында Еңбек атты елді мекен қалады. Сол жерден талай өтіп жүргенде өзіммен бірге келе жатқан жолаушылардан &laquo;бұл кімнің ауылы&raquo; деп сұраймын. Сонда көпшілігінен &laquo;білмейміз&raquo; деген жауап аламын. Содан атақты жерлесіміздің кіндік қаны тамған елді мекенді елге таныстырудың қандай жолы бар деген ой келді.</p>

Қаһарманға құрмет

Ол – Кеңес Одағының Батыры, тұңғыш Халық Қаһарманы, еліміздің тұң­ғыш Қорғаныс минис­трі, Армия генералы Сағадат Қо­жахметұлы Нұрма­ғам­бетов. Бұл ой бұдан бір жылдай бұрын келді. Үл­кен тас жолдың бойына бил­борд қою керек. Ауыл­ды ба­тырдың атына сай болатындай жағдайға келтіру қажет. Бұл үшін мәдениет үйін күрделі жөн­деуден өткізіп, алдына ескерткішін қойып, музей ашу керек. Орта мектепке қаһарманның есімін берген дұрыс болар еді. Бі­рақ осы мекеме де күрделі жөндеуді қажет етіп тұр. Оған қомақты қаржы қажет. «Іздегенге – сұраған» дегендей Қазақстанда С.Қ.Нұр­мағамбетов атындағы ха­лық­аралық қор бар еке­нін білдім. Қордың пре­зи­­­денті Махмут Нілібаев мыр­­­­заға жолықтым. Ол кісі қол­дайтынын және мүм­кіндігінше көмек­тесе­тінін айт­ты. Бұл қордың өкілі Қа­ли Қамбаров екеуміз сол елге барып, ауыл әкі­мі Са­ғындық Абаханов үшеуміз ауылды көркейту туралы жоспар жасап, аудан әкімінің келісімін алып, облыс әкіміне шықтық. Об­лыс әкімі мәдениет үйі мен мектепті күрделі жөндеуге қаржы бөліп, бұл істі қан­дай құрылыс ұйымы орындайтыны анықталуда екен. Таяу­­да Ақкөл ауданының әкім­дігінде билборд орна­ту, музей ашу, мектепке ба­­тырдың есімін беру, бюст жасау т.б. мәселелер қа­ралып, әрбір салаға тап­сырма берілді. Ұлы Же­ңіс­тің 75 жылдығына жә­не «Рухани жаңғыру» бағ­дарламасына сәйкес ақ­көлдіктер, оның ішінде Ең­бек ауылы 2020 жылды С.Қ.Нұрмағамбетов жы­лы деп атап отыр. Бұл ер­дің аруа­ғына елінің көр­сеткен құрметі және онымен қоса өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге қосылған зор үлес дер едік.

Еркін ДӘУЕШОВ,

Ақкөл ауданының құрметті азаматы

Ақмола облысы

Бөлісу:
Қаһарманға құрмет · Egemen Qazaqstan