Жарнама
 
Жаңалықтар
1 мин оқу 253

Сириядағы қарулы құрылымдар БҰҰ өкілдерін қорқытуда

07 09 Siriya OONСириядағы қарулы топтар халыққа көмек көрсетіп жатқан бүкіләлемдік ұйымның қызметкерлерін ашық түрде қорқытуда. Бұл туралы БҰҰ гуманитарлық мәселелер бойынша бас хатшының орынбасары Валери Амостың мәліметіне сілтеме жасаған ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Соңғы кездері түрлі құрылымдар гуманитарлық ұйым өкілдеріне қоқан-лоқы көрсетіп жүр. Өздеріңіз білетіндей, біздің қызметшілердің арасында адам ұрлау дерегі орын алған. Сириядағы «Қызыл ай» қоғамының бірқатар қызметшісі, сондай-ақ БҰҰ-ның 11 қызметкері содырлардың қолынан қаза тапты», – деп мәлімдеді БҰҰ штаб-пәтерінде өтіп жатқан баспасөз конференциясына бейне желі арқылы қосылған Валери Амос.

Тамыздың ортасында Американың Си-би-эс телеарнасы АҚШ мемлекеттік департаментіндегі ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, «Аль-Каида» ұйымымен байланыста болған «Ирак пен Леванттың Исламдық мемлекеті» тобы батыстың гуманитарлық қызмет өкілдерін жазалап немесе тонап кетеміз деп қорқытқаны жайлы хабарлаған болатын.

Айдар Өрісбаев.

Бөлісу:
Сириядағы қарулы құрылымдар БҰҰ өкілдерін қорқытуда · Egemen Qazaqstan