Аймақтар
1 мин оқу 163

Атырау: Жеті адам коронавирустан жазылып шықты

<p style="text-align: justify;">Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік жедел штаб &laquo;Бүгін, 14 сәуірде түстен кейін 7 адам коронавирустан жазылып, инфекциялық стационардан шықты.</p>

Атырау: Жеті адам коронавирустан жазылып шықты

Денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, олардың бәрі өздерін жақсы сезінеді» деген ақжолтай ақпарат таратты.

Осылайша, Атырауда Covid-19 індетінен айыққандардың саны 12-ге жетіп отыр. Бұған дейін 12 сәуірде 2 адам, ал, кеше,  13 сәуірде 3 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан еді.

Қазір Атыраудағы инфекциялық стационарда 51 науқас жатыр.

Жұмасат ҒАЗИЗ

Бөлісу:
Атырау: Жеті адам коронавирустан жазылып шықты · Egemen Qazaqstan