Таным
1 мин оқу 760

Сағаттар сыры

<p style="text-align: justify;">Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің қорында қалта сағат, қол сағаттардың электронды, механикалық және сирек кездесетін жиырмадан астам түрі бар.</p>

Сағаттар сыры

Мұражайдың «Аудан тарихы» за­лында орналасқан осынау жәді­гер­лер келушілер тарапынан ерекше қы­зы­ғу­шылық тудырады.

Айталық, мына бір сағатты Сары­ке­мер ауылының тұрғыны Айтқұл Мамыт­құлұлы музей ашылғанда сыйға берген. Ерекше үлгідегі сағат­тың бір бетінде «Ұлы Отан соғысының ардагеріне» деген жазу бар. Келесі бе­тінде «Қазақстан Прези­денті» делінген және Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолы қойылған.

Музейдегі «СССР» сағаты да ерек­ше көз тартады. Оған қарап ертеректе қолданылған ескі жәдігер екенін байқауға болады. Сағаттың материалы ауыр темірден, айнасы бар қақпақтан тұрады, бетінде бүркіт бейнеленген.

Тағы бір тамаша туынды – Абай Құнанбайұлының 150 жылдығына орай дайын­далған мерекелік қол са­ға­ты. Оны мұражайға Ғалия Мол­дабае­ва есім­ді азаматша табыстаған. Осыдан 25 жыл бұрын шыққан сағатта қазақ­тың бас ақынының бейнесі бейне­леніп, «150 жыл» деп жазылған.

Мұражайға жәдігер ретінде беріл­ген уақытты көрсететін ерекше үлгі­де­гі осындай әрбір сағаттың өзін­дік сыры бар әрі сонысымен де құнды.

Айдана ШОТБАСОВА,

Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінің қор сақтаушысы

Жамбыл облысы

Бөлісу:
Сағаттар сыры · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар