Медицина
1 мин оқу 300

Батылдығымызды бағалады

<p style="text-align: justify;">Жауапты әрі сауапты қыз&shy;мет болған соң адамдардың аман&shy;дығы үшін барымызды саламыз. Азаматтық арымыз сынға түскен осынау қиын-қыстау сәтте бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай жұрт болып жұмылып еңбек етудеміз. Қаншама қалалар карантинге жабылып, сақтық шаралары күшейтілді.</p>

Батылдығымызды бағалады

Әрине оның бәрі азаматтардың амандығы үшін жасалып жатқан шарапатты шаралар екенін ескеруіміз керек. Мен 1-топтағы қауіптілігі жоғары медицина қызметкерлерінің қата­р­ындамын. Біз алты сағат­тан ке­зек бойынша жұмыс істеу­де­міз. Кезегіміз аяқталғанда жатақ­ха­­­наға алып кетеді.

Осы орайда қауіпті індетпен білек түріп күресіп жатқан меди­цина қызметкерлерінің маң­дай тер машақаты мен еңбе­гін ескеріп, батылдығын баға­лап, төлемақы беруге шешім қабылдаған Президент Қасым-Жомарт Кемелұлына алғыс білдір­гім келеді. Осы берілген мемле­кет­тік төлемақы медицина сала­сында індетпен күресіп жүрген қыз­мет­керлердің жігерін жанып, жұ­мыстарына ынта сыйлайтынына сенімдімін.

Ғалия ХАУЕЗХАНҚЫЗЫ,

Солтүстік Қазақстан облыстық №1 қалалық ауруханасы Жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі

Бөлісу:
Батылдығымызды бағалады · Egemen Qazaqstan