Коронавирус
1 мин оқу 241

Бас санитар: Барлық ауруханалар күшейтілген режімге көшеді

<p style="text-align: justify;">Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде еліміздегі коронавирустық инфекцияның ағымдағы жағдайына арналған баспасөз мәслихатында Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова 14 сәуірде карантиндік шараларды күшейту туралы шешім қабылдағанын жеткізді.</p>

Бас санитар: Барлық ауруханалар күшейтілген режімге көшеді

Қаулыны таныстырған бас санитар:  «Барлық ауруханалар күшейтілген эпидемияға қарсы режімге көшеді, онда әр пациент коронавирусқа күмәнді адам ретінде қабылданады. Науқастарды қабылдауға және диагноз қоюға қатысатын ауруханалар мен емханалардың барлық медициналық қызметкерлері жеке қорғаныс құралдарын пайдалануы керек», деді.  

Қаулы бойынша карантиндік және провизорлық ауруханаларда талап күшейтіледі. «Стационарларда бейнебақылау камералары орнатылып, тиісті желдету жүйесі жолға қойылуы тиіс. Медициналық ұйымдардың әр ауысымы бір-бірінен оқшаулана жүруі керек. Сондай-ақ дезинфекция режімі қатаң сақталып, барлық қызметкерлердің денсаулығы күнделікті тексеріледі. Барлық бас дәрігерлер қызметкерлерін жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті, бұған олар жауап береді», деді А.Есмағамбетова.

Бөлісу:
Бас санитар: Барлық ауруханалар күшейтілген режімге көшеді · Egemen Qazaqstan