Аймақтар
1 мин оқу 131

Мемлекет Басшысы Солтүстік Қазақстанның ахуалын білді

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен телефон арқылы сөйлескенін хабарлады.</p>

Мемлекет Басшысы Солтүстік Қазақстанның ахуалын білді

Әңгіме арқауына айналған негізгі мәселелер – облыстағы короновирусқа қарсы күрестің мән-жайы, аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал және карантиндік шаралардың іске асуы болған.

Сонымен қатар Президент азаматтарға қарастырылған әлеуметтік жәрдемақыларды берудің  орындалу барысын анықтаған. Сондай-ақ Мемлекет Басшысы көктемгі егіс науқанына дайындық пен ««Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылу барысын да сұраған.

Солтүстік Қазақстан облысы

Бөлісу:
Мемлекет Басшысы Солтүстік Қазақстанның ахуалын білді · Egemen Qazaqstan