Аймақтар
1 мин оқу 160

Қарағанды облысы: COVID-19 жұқтырған жеті адам жазылды

<p style="text-align: justify;">Бүгін, яғни 19 сәуір күні Қарағанды облысында коронавируспен ауырған жеті науқас жазылып шықты.</p>

Қарағанды облысы: COVID-19 жұқтырған жеті адам жазылды

Олардың төртеуі 18 наурыз күні Минск - Нұр-Сұлтан авиарейсімен Қарағанды әуежайына ұшып келген жолаушылар арасынан. Ал үшеуі – Қарағандының тұрғыны.

Дәрігерлердің айтуынша, науқастар толық емдеу курсынан өткен. Екі мәрте жасалған ПТР-талдау теріс нәтиже көрсеткен соң, олар үй карантиніне жіберілді.

Сонымен, Қарағанды облысында коронавирус инфекциясынан сауығып кеткен азаматтардың саны 12 адамға жетті.

Бөлісу:
Қарағанды облысы: COVID-19 жұқтырған жеті адам жазылды · Egemen Qazaqstan