Аймақтар
1 мин оқу 90

Маңғыстауда коронавирус инфекциясы тағы бір адамнан анықталды

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.</p>

Маңғыстауда коронавирус инфекциясы тағы бір адамнан анықталды

Қауіпті індет Маңғыстау ауданында тіркелді. 36 жастағы әйел адам. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта науқас Шетпедегі аудандық аурухананың жеке боксына жатқызылды, делінген хабарламада. Науқаспен байланыста болған адамдар анықталып, тексеріліп жатыр.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Осы күнге дейін облыста 13 адамнан COVID-19 вирусы анықталды: Ақтауда - 5, Жаңаөзенде – 4, Маңғыстау ауданында – 4 адам, оның ішінде, яғни 13 адамның ішінен 2 адам сауығып шыққан.

Бөлісу:
Маңғыстауда коронавирус инфекциясы тағы бір адамнан анықталды · Egemen Qazaqstan