Коронавирус
4 мин оқу 190

Ең қауіпсіз вакцина таңдап алынады

<p style="text-align: justify;">Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бүгінде бірнеше мем&shy;лекет коронавирусқа қарсы 50-ден аса кандидат-вакцина әзірлеуде. Олар&shy;дың ішінен клиникалық сынақтар кезеңіне өткені екеу ғана. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде де вакцина дайында&shy;лу&shy;да. Отандық ғалымдардың жұмысы мен COVID-19 вирусының айна&shy;ла&shy;сындағы түйткілді мәселелер Ұлттық биотехнология орталығы Алматы филиалының директоры, ветеринария ғылымының докторы, профес&shy;сор, академик Сейдіғаппар МАМАДАЛИЕВПЕН болған сұхба&shy;ты&shy;мызда сөз болды.</p>

Ең қауіпсіз вакцина таңдап алынады

Төрт вакцина әзірленуде

– Сейдіғаппар Мамада­ли­ұлы, Мемлекет басшысы 25 наурызда сіз­дер­дің орталықта болып, отандық био­лог ға­лым­­дардың еңбегін жоғары ба­­ғ­а­­­лады. Қазір вакцина да­йын­дау жұ­­мысы қалай жү­ріп жатыр?

– Осыған дейін отандық ғылыми ұйымдарда қысқа мер­зім ішінде құс тұмауы мен доңыз тұмауына, нодулярлы дерматитке және бруцел­лезге қарсы вакциналар жасалған бо­латын. Елімізде қазірге дейін вакцинаның 28 түрі жасалып, диагностикалық тест жүйе­­сі­нің технологиялары әзір­­лен­ді. Мұның кейбірі шетел­­дерге де шы­ғарылады. Президенттің тапсырма­сы­мен Нұр-Сұлтандағы Ұлттық био­технология орталығы мен оның Алма­тыд­ағы бөлімшесі және Отардағы Био­логиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институ­ты коронавирусқа қарсы вакцина жасау бойынша бірлескен жұмысты өткен айдың ортасында бастады. Онда Қазақстанның биологиялық қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету қажеттігі мен COVID-19 ви­ру­­сының әртүрлі кли­мат­тық жағдайларға бейімделу қа­білеті ескеріледі. Осыған дейінгі таралған вирустардан айыр­ма­шы­лығы зерттеледі.

Қазір молекулалық биоло­гия­ның мамандары күндіз-түні қауырт жұмыс істеп жатыр. Мамандар мен құрал-жаб­дық­тар жеткілікті. Бағдарлама бо­йын­ша әдіс-тәсілдері әртүрлі болып келе­тін төрт түрлі вакцина да­йындалуда. Соның ішінен ең қауіпсіз, өміршең де­гендері таңдалып алынады. Бірақ бұл кезең-кезеңмен жүзеге асатын ұзақ жұ­мыс.

Екінші бір үлкен жұмыс Отардағы Биологиялық қа­уіп­сіздік мәселе­ле­рі жө­нін­де­гі ғылыми-зерттеу инсти­ту­тын­­­да жүріп жатыр. Онда аса қауіп­ті ін­деттермен жұмыс істеу мүм­­кін­ді­гіне ие биологиялық қауіп­сіз­дігі 3-деңгейлі зерт­ханалар бар.

– Шетелдегі әріп­тес­те­рің­ізбен де ақыл­дасатын шы­ғар­сыз­дар?

– Әрине әлемде қай зертхана қан­дай вакцина дайындап  жатқанын қада­ғалап отырамыз. Бұған қоса біздің мамандардың көбі шетелде білімін шыңдап келген. Олар да сол елдермен тығыз қарым-қатынаста. Әсіресе Ресейдегі «Вектор» мемлекеттік вирусо­ло­гия және биотехнология ғылыми орталығымен байланыстамыз. Өзара кеңес алып, тәжірибе бөлісіп отырамыз.

 COVID-19 вирусы – мутант

– Сонымен COVID-19-дың осы­­ған дейін таралған вирус­тар­дан қан­дай айыр­ма­шы­лы­ғы бар?

– Коронавирустың 40 шақты түрі бұрыннан бар. Бұл жүгірген аң, ұш­қан құс, тіпті адамдарда да кезде­се­тін­діктен, олардың ағзасында осы ко­ронавирустар бойынша иммун­дық жады қалыптасқан. Яғни ағза әл­сіреп, вирус қоза бастаған кезде мил­лиардтаған жасушалар қарсы тұрып күресе бастайды. Ал жаңа COVID-19 – мутант, коронавирустың өзгеріске ұшыраған түрі. Адамдарда және жан-жануарларда бұл туралы иммундық жады жоқ. Сондықтан вируспен күресе алмайды. Әсіресе жасы ұлғайған, иммунитеті төмен, созылмалы аурулары бар адамдар бұл дерттен көбірек зардап шегіп жатыр. Оған әрбір адамның өмір салты да фактор бола алады. COVID-19 жұқтырғандардың 40 пайызында симптом жоқ, яғни мүлде ауру белгілері бай­қал­майды. Бірақ олар ауру тасымалдайды. 30 пайызында орташа ауырлықта өтсе, қал­ғаны ауыр деңгейде зардап шегеді.

– Не үшін өкпені әлсіретеді?

– Өйткені ол ауа арқылы жұ­ғып, тыныс жолдарымен өкпенің төменгі бө­лі­гін бекітіп тастайды. Сөйтіп тыныс алу қиынға соғады. Өкпе дем ала алмағаннан кейін ағзада оттегі жетіс­пейді, гипоксиядан адамдар көз жұ­ма­ды.

 Биологиялық қауіпсіздік – үлкен сала

– Өткен аптада елорда мен Алма­ты­да ауру жұқ­тыр­­ған­дар­дың саны едәуір төмен­деп, бәрімізді қуант­қан еді. Бірақ соңғы күн­де­рі қайта қа­уы­рт өсім пайда болды. Әсіресе ме­­ди­цина қызметкерлерінің індет­ке көп­теп шалдығуы көп­ші­лікті алаң­да­тып отыр. Мұның себебін немен бай­ла­ныс­ты­ра­сыз?

– Алғашында ауырғандардың бар­лығы шетелден келгендер болды. Инкубациялық кезең 5 күннен 14 күнге дейін созы­ла­тындықтан олардың вирус тасымалдаушыларының әсе­рі­нен ауру тағы екі аптадай таралды. Бұл – бірінші толқын. Екінші толқын – еш­қай­да шықпай жұқтырғандар. Үшінші толқын маған да түсініксіздеу болып тұр. Яғни 400-ден аса медицина қызметкерінің ауру жұқтырғаны үлкен мәселенің барын көрсетеді. Оларға індет жұқпайды дегендік емес, бірен-саран болса түсінікті. Мүмкін олар­ға қорғаныс құрал­дары жетіспеген шы­ғар. Бірақ қадап айтатын бір түйткіл бар. Биологиялық қауіпсіздік – үл­кен сала. Ал оны сақтау, қол­дану, стандарттарын бақылап отыру қатаң қағиданы, үл­кен жауапкершілікті талап етеді.

Ауруханалар мен емха­на­да­ғы­лар өте қауіпті топқа жатады. Өйткені олар күніне неше жүздеген адамды қа­был­дайды. Оның ішінде жабық және ашық вирус тасымалдаушылар бар. Қорғаныс туралы тапсырма сәл әлсіздеу болды ғой деп ойлаймын. Бұл – бір. Екіншіден, мамандар қауіпсіздік қағидаларын қатаң ұстанып, бұлжытпай орын­дамаған болса керек. Бұлай ойлауымның өз себебі бар. Мысалы, біздің референттік зертханада екі биологиялық қауіп­сіздік офицері болады. Олар осы қызметке ке­луден бұрын жарты жылдан аса уақыт теориялық және тәжірибелік оқу-жаттығудан өтеді. Сосын олар шетелден білімін шыңдап, емтихан тапсырады. Ол емтиханнан он адамның екі-үшеуі ғана әзер өтеді. Яғни біздің үлкен ұжымның өзінде санаулы адам ғана бұл сынақтан өткен. Олар біз жұмыс істеген кезде сақтық шараларын қадағалап отырады. Тіпті киініп-шешінудің, қолғап пен көзілдірікті қолданудың, зертханаға кіріп-шығудың өзінің ережесі бар. Мұны бізде стандартты жұмыс тәртібі дейді. Ол күнделікті ұстануы тиіс 560 қағиданы қамтиды. Ал егер осының бірі дұрыс орындалмаса, індеттің жұғу қаупі жоғарылайды. Меніңше медицина қызметкерлері биологиялық қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамаған. Егер олай болмаған жағдайда ат төбеліндей елдің 30 мыңдай медқызметкерінің 400-ден аса адамы ауру жұқтыруы мүмкін емес дүние. Сондықтан әрбір медициналық мекемеде қызметкерлерді қадағалайтын биологиялық қауіпсіздік офи­це­рі болуы керек.

– Карантиннің маңызы қан­дай?

– Коронавируспен жеңіл ауырған адамның ағзасында 7-10 күннен кейін иммунитет пайда болады да, вирустар жо­ғалады. Егер сол адам осы аралықта еш­кіммен қарым-қатынаста болмаса за­лалсыз болып, өзімен өзі вирусты же­ңіп шығады. Карантиннің керегі – ауру адамдарды оқшаулап вируспен кү­ресіп, иммунитет қалыптастыруға мүм­кіндік жасау, ал сау адамды нау­қас­тармен байланыста болудан тыю.

Әңгімелескен

Майгүл СҰЛТАН,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Ең қауіпсіз вакцина таңдап алынады · Egemen Qazaqstan