Спорт
1 мин оқу 370
Килиан Мбаппе – әлемдегі ең ұшқыр футболшы
<p style="text-align: justify;">Жуықта ФИФА әлемдегі ең ұшқыр футболшыны анықтады. Le Figaro газетінде жарияланған ақпарға қарағанда Франция құрамасының шабуылшысы, футболдан әлем чемпионы (2018), Пари-Сен-Жерман клубының ойыншысы Килиан Мбаппе әлемдегі ең ұшқыр футболшы ретінде танылыпты.</p>

Бұл жігіттің жасыл алаңдағы тап берме ұшқырлығы 36 км/сағатты көрсетсе, одан кейінгі көрсеткішке испандық Атлетико клубының шабуылшысы Иньяки Уильямс (35.7 км/сағат) қол жеткізген. Үшінші орынға ағылшындық клуб Арсеналдың шабуылшысы Пьер-Эмерик (35,5 км/сағат) ие болған.
Кейінгі орындарға:
- Карим Беллараби (35.5 км/сағ)
- Кайл Уокер (35.21 км-сағ)
- Лерой Зане (35.04 км/сағ)
- Мохамед Салах (35.0 км/сағ)
- Кингсли Коман (35.00 км/сағ)
- Алваро Одриозола (34.99 км/сағ)
- Начо Фернандес (34.62 км/сағ)
Бөлісу:
