Аймақтар
1 мин оқу 166

Шымкент: Тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф төмендетілді

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында &laquo;ЮжКаз ТрансСервис&raquo; ЖШС-ның тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф төмендетілді. Бұл туралы Шымкент қалалық табиғи монополияларды реттеу департаменті хабарлады.</p>

Шымкент: Тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф төмендетілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментімен «ЮжКаз ТрансСервис» ЖШС-ның тауарлық газды газ таратушы жүйелер арқылы тасымалдау қызметінің тарифі төмендетілді.

Аталған шара бекітілген тарифтердің қолдану мерзімі аяқталуына байланысты Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 15-бабының 3-тармағына сәйкес іске асырылды.

Тариф 1000 м3 1286,88 теңгеден 920,42 теңгеге немесе 28,5% төмендетіліп, 2020 жылдың 1 мамырынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Шымкент 

Бөлісу:
Шымкент: Тауарлық газды тасымалдау қызметіне тариф төмендетілді · Egemen Qazaqstan