Коронавирус
1 мин оқу 160

Алматы әкімі қытайлық дәрігерлерге алғыс білдірді

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қытайдан келген дәрігерлер делегациясымен коронавирус инфекциясына қарсы күресу жөніндегі тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.</p>

Алматы әкімі қытайлық дәрігерлерге алғыс білдірді

Есте болса, 19 наурыз күні аты жаман тұмаумен күресіп жатқан алматылық дәрігерлерге онлайн-дәріс өту үшін аспан асты елінің білікті 10 дәрігері келген болатын.  Бас-аяғы 4-5 күннің айналасында қытайлық мамандар 700- ден астам сабақ өткізіп, тәжірибелерімен бөліскен. Әлем халқын алаңдатқан қауіпті індетпен күресте күш біріктіру маңызды деген шаһар басшысы шетелдік мамандарға алғыс білдіріп, бірқатар мәселені саралады.

«Алматыға ҚХР-дан келген дәрігерлер делегациясымен коронавируспен күрес бойынша тәжірибе алмасу мәселелерін талқыладық. Соның ішінде жаппай тестілеу, қауіпті індеттің алдын алу, емдеу және науқастарды оңалту, медицина қызметкерлерін даярлау әрі оқыту жағы пысықталды», – деп жазды әкім  өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Бөлісу:
Алматы әкімі қытайлық дәрігерлерге алғыс білдірді · Egemen Qazaqstan