Руханият
1 мин оқу 330

Жас отбасыларға үлкен демеу

<p style="text-align: justify;">Екі баланың тәрбиесімен үйде отырған жас анамын. Күйеуім осы кезге дейін өзін өзі жұмыспен қамтып, отбасын асырап келген еді. Төтенше жағдайға байланысты қалада карантин жарияланып, күйеуімнің жұмысы тоқтап қалды.</p>

Жас отбасыларға үлкен демеу

Өзім «Атамекен» палата­сының «Бизнес-Бастау» бағдар­ла­ма­сымен оқып, енді кәсі­бімді бастаған болатынмын. Ол да уақытша тоқтады. Мем­лекеттен берілетін 42 500 теңге көмек отбасымызға тағай­ындалғанын естігенде қуан­дық. Телефоныма хабарлама келген соң, үш күннің ішінде ақша түсті.

Бұл қаражат біз секілді жас отбасына үлкен қолдау бол­ды. Қиын кезеңде қол­ұшын бер­ген мемлекетке шек­­сіз риза­шылығымызды біл­­діреміз.

Гүлжаухар ЖАҢАБАЙ,

Шымкент қаласының тұрғыны

Бөлісу:
Жас отбасыларға үлкен демеу · Egemen Qazaqstan