Аймақтар
1 мин оқу 315

Қызылорда: Тұрғындарды онлайн режімде қабылдады

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің &laquo;Antikor ortalygy&raquo; сервистік орталығында агенттік төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов департаменттің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында облыс тұрғындарын онлайн режімде қабылдады.</p>

Қызылорда: Тұрғындарды онлайн режімде қабылдады

Antikor.Live жобасы аясында өткен қабылдауда  азаматтардан Елбасы мен Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы тапсырмаларының орындалу барысы, аймақ экологиясы, ауылшаруашылық саласындағы кәсіпкерлікке қатысты сұрақтар жиі қойылды. 

Қабылдау қорытындысы бойынша тиісті лауазым иелеріне пайдалы қазбаларды өндіретін аудандарда қоршаған ортаның экологиялық жай-күйін жақсарту мен басқа да бағыттағы жұмыстарды ширату жөнінде тапсырма берілді.

Агенттікте жұртшылықпен тікелей және кері байланыс үшін Call-орталық тұрақты жұмыс істейді.  Бұл ашықтық қағидатын жүзеге асырып, қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимылға жұмылдыруға көп септігін тигізуде.

Бөлісу:
Қызылорда: Тұрғындарды онлайн режімде қабылдады · Egemen Qazaqstan