Аймақтар
1 мин оқу 400

Маңғыстауда коронавирус инфекциясын 73 жастағы тұрғын жұқтырған

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысында COVID-19 вирусын жұқтырған 1 адам анықталды. Ол 73 жастағы Карақия ауданы, Сенек ауылының тұрғыны. Бұл кісі коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. </p>

Маңғыстауда коронавирус инфекциясын 73 жастағы тұрғын жұқтырған

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы қойылды. Казіргі уақытта науқас Жаңаөзен қаласының жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.

01.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде 49 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.

Бөлісу:
Маңғыстауда коронавирус инфекциясын 73 жастағы тұрғын жұқтырған · Egemen Qazaqstan