Аймақтар
1 мин оқу 893

Саида – мал дәрігері

<p style="text-align: justify;">Мал дәрігерлері қазір&nbsp; үлкен сұранысқа ие.&nbsp; Жан-жануарлардың тілін түсінеді деуге әбден болатын мал дәрігері Саида Закирьянова төрт түлікпен бірге жан-жануардың барлық түрін емдейді.&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;&nbsp;</p>

Саида – мал дәрігері

24 жасар Саида  осы мамандығын өзі таңдаған. Анасы да - мал дәрігері. Жас маманның хоббиі де бар. Бос уақытында тырнақ әрлейді.

– Жануарлар қай жері ауырып тұрғанын айтып, шағымдана алмайды  ғой. Аурудың белгілерін қарап емдейміз. Алғаш рет  ірі қарадан қан алғаным есімде. Қорқынышты болды. Мал дәрігері мамандығын  таңдаған себебім-бала кезімнен анамның жұмысына қарап қызықтым. Қазір мал дәрігері мамандығын игеріп, жұмыс істеп жатырмын. 2 жылдан асты. Таңдауыма еш өкінбеймін, – дейді мал дәрігері Саида Закирьянова.

Кейіпкеріміз жұмыс істейтін ветеринарлық  станцияда 7 адам жұмыс істейді.  Араларындағы жалғыз ару-Саида. Ер мінезді кейіпкер еш жасқанбай,  ұсақ малдарға екпе жасап, таңбалайды. Бұл салаға келгеніне екі жыл болыпты.

– Біздің ветеринариялық станцияда тәжірибеден өтіп, жұмысқа қабылданды. Ынтасы зор. Біздің салаға жастар келе қоймайды ғой. Саида  ер азаматтардан қалыспай екпе жасап жүр. Күзге дейін  4 мыңнан аса ірі қара мен 10 мыңға жуық ұсақ малға вакцинация  жасалуы тиіс, – дейді қалалық ветеринария станциясының директоры Еркін Есілбаев.

«Медицина адамды, ал, ветеринария адамзатты емдейді» деген қанатты сөз бар. Адамзатты емдеп жүрген арудың ісіне адам қызыққандай.

Көкшетау қаласы

Бөлісу:
Саида – мал дәрігері · Egemen Qazaqstan