Аймақтар
1 мин оқу 291
Түркістан: Мақтаарал ауданында су басқан 4 ауылда 620 үй бүлінді
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 4 елді мекені, яғни Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй) және Өргебас (194 үй) су астында қалған. Жалпы қызыл судан 620 үй жапа шеккен. </span></p>

Тұрғындарды көшіру үшін даярланған 22 эвакуациялық орынға 7000 -ға жуық адам орналастырылды.
Эвакуациялық бөлімдерде тұрғындарды 120 медицина қызметкері тексеруден өткізуде. Полиция қызметкерлері Жеңіс, Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас елді мекендеріне 5 блок-бекет қойып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.
Сонымен қатар, көршілес Жетісай ауданы, Қоғалы елді мекенінде қауіпсіздікті күшейту мақсатында 5 техника, 508 адам жұмылдырылған.
Бөлісу:
