Талқылауға тыйым салынды
<p style="text-align: justify;">Коронавирус пандемиясына қарамас­тан Беларусь елінде футболдан ішкі бі­ріншілік жалғасып жатыр. Бұл – Еуро­пада өтіп жатқан жалғыз футбол чемпионаты. Десе де елде пандемияға бай­ла­нысты ойындарды уақытша тоқ­тату ту­ралы талқылауға тыйым салынған.</p>

Бұл туралы «Витебск» клубының қорғаушысы Олег Карамушка мәлімдеді. Бапкерлер тарапынан футболшыларға чемпионатты тоқтату туралы талқылауға, сөйлесуге болмайтынын қатаң ескерткен.
«Чемпионат басында біріншілікті уақытша тоқтата тұру туралы әңгіме тараған-ды. Бірақ кейіннен тынышталып қалды. Бапкерлер бізге бұл тақырыпты талқылауға тыйым салды. Дегенмен санитарлық талаптарды сақтауды, киім ауыстыру бөлмесінде қолымызды антисептикпен жиі өңдеуді талап етіп отыр. Сондай-ақ уақытша қол алыспауға да келістік», дейді ол.
Бүгінде Беларусь чемпионатында 7 тур ойналған. «Витебск» командасы 10 ұпаймен 8-орында келеді.
