Аймақтар
1 мин оқу 157

Қарағанды облысы: COVID-19 дертінен 79 адам жазылды

<p style="text-align: justify;">Бүгін, 5 мамыр күні Қарағанды облысында екі пациент COVID-19 дертінен сауығып, ауруханадан шығарылды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.</p>

Қарағанды облысы: COVID-19 дертінен 79 адам жазылды

Жазылып шыққандардың бірі Қарағандының 1941 жылғы тұрғыны. Екіншісі Шахтинск қаласында тұрады, жасы 30-да. Бұл екі пациентке  дәрігерлер ауыр дәрежедегі COVID-19 диагнозын қойған болатын.

Науқастар толық емдеу курсынан өткеннен кейін екі рет алынған ПТР-талдау теріс нәтиже көрсетті. Сол себепті олар үй карантинін сақтау шартымен инфекциялық стационардан шығарылды.

Сонымен, 5 мамырдағы жағдай бойынша Қарағанды облысында «жаман тұмаудан» сауығып шыққандардың жалпы саны 79 адамға жетті. 

 

Қарағанды облысы

Бөлісу:
Қарағанды облысы: COVID-19 дертінен 79 адам жазылды · Egemen Qazaqstan